Сайлау

AIBEK KALMAGANBETOV.

Мыңғыртып жаймасамда қойларымды,

Жаямын құжынаған ойларымды.

Сырласқан ақ қағазбен қандай жақсы,

Бір ауық жеңілдетіп бойда мұңды.

Кептердей келешекке жыр самғайды,

Көңілді аппақ қардай кір шалмайды.

Таңбадай тасқа басқан жазбам қалар,

Әр сөзім бостан-босқа жұмсалмайды.

Пенделер жиналған соң ұялмайтын,

Халықты толып кетті жиі алдайтын.

Қалайша көш бастайды партиялар,

Дамбалын өздігімен кие алмайтын.

Халқымның қайда кетті ірілері,

Бастары қашан, қайда бірігеді?!

Әйтпесе мына жалған партиялар,

Төрт жылда бір-ақ рет тіріледі.

Шығады ұрандатып, байрақ алып,

Тыншиды өз билігін сайлап алып.

Жалған сөз, жалған атақ, жалған тірлік,

Біздерді жығады екен қайда апарып!

08-01-2021

Оставьте комментарий

Подпишитесь на новости